Открытая студия
Атырауда мәдениет, ғылым және өнер саласындағы жастарға арналған студиялар ашылуда
Жас ұрпақ қызықты дәрістерге, практикалық сабақтарға және қалалық экспедициялар мен серуендерге тегін қатыса алады
1 шілде, Атырау - 12-25 жас аралығындағы Атырау жастары мен жасөспірімдері "ашық студияға" тегін қатыса алады, онда жастардың бос уақытын өткізудің жаңа форматы, мәдениет, ғылым және өнер саласындағы тақырыптарға ашық дәрістер, практикалық сабақтар және қалалық экспедициялар мен серуендер өтеді. "Ашық студия" 2-20 тамыз аралығында өтеді; өтінімдер 8-20 шілде аралығында қабылданады.
YEMAA қазіргі заманғы мәдениет орталығы Еуразия Орталық Азия қорымен, "Шеврон" компаниясымен және "Infinity plaza" эко-паркімен әріптестікте "ашық студияға" қатысуға өтінімдер қабылдайтынын жариялайды.Бұл арт-резиденция және бір уақытта іске қосылған "JasSpace: Атырау қаласының жастарын дамыту бастамасы" жобасының аясында бастама алды. Тиісінше, "Ашық студия" жобасы шығармашыл жастардың, мәдениет пен өнер индустриясының дамуына қолдау көрсетеді.
Сонымен қатар, "Ашық студия" екі локацияда өтетін болады - YEMAA заманауи мәдениет орталығы, онда қатысушылар үшін еркін қолжетімде кітапхана бар. Екінші локация - Jaspace кеңістігі, ол сапалы және техникалық жабдықталған, мысалы, ағаш кесуге арналған құралдар, 3D принтер және т.б. Сондықтан "ашық студияға" қатысушылар жағымды және шығармашылыққа шабыт беретін атмосферада жұмыс істеуге ерекше мүмкіндік алады.
Жобаға қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет
20 шілдеге дейін. Форманы толтыру кезінде қатысушыларға эссе қосу қажет:
12-15 жас аралығындағы үміткерлер үшін - “Менің қалам”.
16-25 жас аралығындағы үміткерлер эссені төменде көрсетілген тақырыптардың бірі бойынша жазу қажет:
* Біздің қаламызды не үшін жақсы көресіз?
* Сіз үшін қаламыздағы ең сүйікті жері қандай? Неліктен ол жер? Ол жермен қатысты қандай оқиға немесе кездесулер естелігі бар?
* Біздің қалада нені жақсартқыңыз келеді?
Эссе қазақ тілінде немесе орыс тілінде болу қажет..Нәтижелер 24 шілдеде жарияланады. "Ашық студия" туралы толық ақпарат, таңдалған қатысушыларға пошта арқылы жіберіледі.